Нұр-Сұлтанға бет алған ұшақтың стюардессасы қалың ұйқыдағы жолаушыларды оятты

Нұр-Сұлтанға бет алған ұшақтың стюардессасы қалың ұйқыдағы жолаушыларды оятты

Нұр-Сұлтанға бет алған ұшақтың стюардессасы қалың ұйқыдағы жолаушыларды оятты

 AP Photo / Michael Probst

Нұр-Сұлтанға бет алған ұшақтың стюардессасы таңғы бестің кезінде ары-бері жүгіріп, жолаушылардан көмек сұраған.

Ұлттық ұлан әуе кемесінің командирі Станислав Смурыгин ұшақта әйелге жедел көмек көрсетіп, ажалдан арашалап қалды. Оқиға Киев-Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсте болған.

"Таңғы сағат бестің кезі, барлығы қалың ұйқыда еді. Бір мезетте ұшақтың ішінде абыр-сабыр басталып кетті. Стюардесса ары-бері жүгіріп, жолаушылардан көмек сұрай бастады. Осы арада дауыс көтергіш құрылғымен "медицина қызметкері бар ма?" деген хабарлама жеткізілді", – дейді Станислав Смурыгин.

Ұлттық ұлан офицері орнынан дереу тұрып, стюардессаның қасына барып, өзін таныстырған. Ол дәрігер емес, әскери ұшқыш екенін, алайда алғашқы көмек көрсете алатынын айтқан.

"Ең алдымен қан қысымын өлшедім, 80-де 60 нәтижесін көрсетті. Сол кезде бортсерікке тездетіп қара кофе алып келуін сұрадым. Қан қысымы көтерілді. Содан соң оттегі баллондарын беруді сұрадым. Адамға ауа қажет екенін іштей білдім. Осылайша Нұр-Сұлтан қаласына да жеттік. Жол бойы оның хәлін сұрап, қолын қысып, сөзбен қолдау көрсетіп тұрдым", – деп толықтырды  ұлан  офицері.

Әуежайда науқасты санитарлық бригада қызметкерлерінің қолына тапсырған. Осылайша Ұлттық ұлан офицері ептілік танытып, өмірін ажалдан арашалап қалды. 

Станислав Смурыгин – офицер мамандығы бойынша әскери ұшқыш. Ұлттық ұлан қатарында 2004 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Киевке қызметтік іссапармен барған екен. Әскери ұшақты басқаруда тәжірибесі мол. Бүгінде Ан-74 әуе кемесінің командирі болып қызмет атқарады. Әскери ұшақпен екі мың сағаттай әуеде болған.

 

 

Мәтіндегі ақпарат туралы