Нұр-Сұлтанда жаңа саябақ болады
Нұр-Сұлтанда жаңа мешіттің жанынан саябақ салынады. Елордада қала тұрғындары мен қонақтары үшін тағы бір демалыс орыны пайда болады. Салынып жатқан мешітте таза ауада уақыт өткізуге ыңғайлы орын болатын шағын саябақ пайда болады. Бұл туралы Нұр-сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында хабарлады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Нұр-сұлтан басшысының айтуынша, саябақ Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр даңғылдары мен Сауран, Хусейн Бен Талал көшелерінің бойында орналасатын болады. Саябақтың орталық аллеясында ұзындығы 300 метр субұрқақ болады, шағын сәулеттік нысандары, көлеңкелі шатырлар құрылады.
Салынып жатқан жаңа мешіт бұл республика бойынша, тіпті Орталық Азиядағы ең үлкен нысан болмақ. Күмбезінің биіктігі шамамен 90 метр, ал мұнаралар 130 метр биіктікте көтеріледі. Мешіттің сыйымдылығы 30 мың адамға дейін. Оның құрылысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, өзінің демеушілік қаражат есебінен жүргізілуде",-деп жазды Нұр-сұлтан қаласының әкімі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через