Нұр-Сұлтанда нан қалдығын бөлек жинау идеясы жүзеге аспай жатыр

Нұр-Сұлтанда нан қалдығын бөлек жинау идеясы жүзеге аспай жатыр
фото: https://sputnik.kz

Нұр-Сұлтанда нан қалдығын бөлек жинау идеясы жүзеге аспай жатыр

Жыл соңына дейін мұндай контейнерлер қала бойынша пайда болуы мүмкін.

Нұр-Сұлтанда нан қалдығын бөлек жинау идеясының авторлары елорда тұрғындарын салғырттығына шағымданып отыр. Олар арнайы контейнерлерде нанмен бірге қағаз, пластик және шыны да салады.

Елорданың кейбір ауласында нан қалдығына арналған арнайы бөшкелер орнатылған. Кәсіпкерлер бүлінген нанды жоғары температурада өңдеп, түйіршікке айналдырады. Кейін ол малға азық болады. Бірақ идеяны жүзеге асыру оңай болмай отыр. Өйткені қала тұрғындары контейнерлердің арасындағы айырмашылықты  көрмей, нан мен қалған қоқысты араластырады.

"Нанға құрметпен қарауды және жерге тастамауды сұраймыз. Барлық тұрмыстық қалдықтар араласып жатады. Тәжірибе көрсеткендей, мәдениет ауданға байланысты емес. Жақсы аудандарда да адамдар қоқысты бөлмейді. Мысалы, тек нанға арналған бөшкеде пластик ыдыс, шыны, қағаз да жүр", - дейді кәсіпкер Руслан Уббиниязов.

Әзірге қала тұрғындары қоқысты сұрыптауды әдетке айналдырған жоқ. Экологтар жас ұрпаққа үміт артады. Елордада екі ауданда 500 нан контейнері орнатылды.

Жыл соңына дейін мұндай контейнерлер қала бойынша пайда болуы мүмкін.

Мәтіндегі ақпарат туралы