Нұр-Сұлтан қаласында жүргізуші куәлігін сатып алу фактілері анықталғаннан кейін емтихан тапсыру кезіндегі бақылау күшейтілді

Атап айтқанда, емтихан тапсыратын адамның бет-әлпетін танитын Face ID аналогы орнатылды. Сондай-ақ елордалық автодром автоматтандырылды.

Енді емтиханға арналған автокөліктер арнайы GPS-трекермен жабдықталған. Ол көлік жүргізу бойынша практикалық емтиханды егжей-тегжей бақылайды. Талап күшейген соң, жүргізуші куәлігін алу да қиындай түсті. Қараша айында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында емтихан тапсырған 2000 адамның тек 99-ы ғана куәлік алған. 

Sputnik Қазақстан тілшілері елордадағы мамандандырылған ХҚКО-да болып, көлік жүргізу бойынша теориялық және практикалық емтихандарды тапсыру сәтін бақылап қайтты.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының сервис жөніндегі басқарушы директоры Бақтияр Мұхаметқалиев автодромды жаңғыртуға 60 миллион теңге жұмсалғанын мәлімдеді.

Автодромдағы жаңа талаптардан кейін, курсанттардың тек 10-15%-і ғана тапсырмаларды орындай алады. Ал бұрын куәлік алғысы келетіндердің жартысы емтиханды оп-оңай тапсыратын.

Алдағы уақытта мұндай жұмыс Алматы мен Шымкентте, ал кейін бүкіл өңірде жүргізіледі.

Мәтіндегі ақпарат туралы