фото: crossaction.net
Көптеген қазақстандық тыңшылықтан қорқып, ноутбук, планшет, ал кейбіреулері тіпті смартфондардағы камераларды жабуды жөн көреді. Киберқауіпсіздік, IT және коммуникациялар саласындағы сарапшы Евгений Питолиннің айтуынша, мұндай қорқыныш негізсіз емес.
Сарапшының айтуынша, киберқылмыскерлер құрылғыларыңыздағы камераға шынымен де қолжеткізе алады. Тіпті камера жабылған болса да, бұл деректердің тарап кетуінен қорғамайды.
"Егер қаскөй камераңызға жол тапса, әдетте олар микрофон мен динамиктерге қолжеткізе алды. Әдетте ноутбукта бұл бір құрылғы. Осыған байланысты олар кем дегенде сіздің әңгімеңізді жазып алады. Сондықтан, бұл құрылғыларды өшіре білу маңызды", - деді Питолин.
Сарапшының пікірінше, веб-камераңыз бұзылғанын көрсететін ықтимал белгілердің бірі - құрылғыны жеке пайдаланбаған кезде оның индикаторының кездейсоқ қосылуы.
Дереккөз tengrinews.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через