фото: https://sputnik.kz
Нөсер жаңбыр салдарынан Алматы облысындағы үш демалыс орнының аумағын су басты
Қытаймен шекаралас Ұйғыр ауданында автожол мен бірнеше демалыс орнының аумағын су басып қалды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, 13 шілдеде Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы "Шонжы-Қалжат" автожолының 55 шақырымында нөсер жауынның салдарынан кешкі сағат 18.00 шамасында 5-10 см беткейлік ағын пайда болған.
Су автожолға жайылып, үш демалыс орнының аумағын басып қалған.
"Жауын-шашын тоқтады, су деңгейі төмендеді, су транзиттік режимде өтіп жатыр. Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жүр", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Еске салайық, кеше Ұйғыр ауданындағы Ақсай-Шонжы автожолының 12-ші шақырымында жауын-шашын салдарынан лайлы-тасты ағын жүрген болатын. Сондай-ақ республикалық маңызы бар тасжолдың бірнеше учаскесінде жол төсемін жартылай су шайып кетті.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через