Норвегияда дауылдан кейін үй өзенмен ағып кетті

Норвегияда дауылдан кейін үй өзенмен ағып кетті
фото: Бақ кз

Норвегияда «Ганс» дауылы тұрып, салдарынан су тасқыны мен көшкін болды.

Елдің бір аумағында куәгерлер өзенде ағып бара жатқан үйді видеоға түсіріп алған. The Guardian басылымының жазуынша, Норвегияда Глома өзенінде дауыл мен тасқын салдарынан бөгет жарылған. Өзендегі су деңгейі тағы да көтеріледі деп күтілуде. 800-ге жуық адам Браскерейдфоссты қамтитын Иннландет аймағынан эвакуацияланды.

Қайтыс болғандар бар. Осло мен Тронхейм арасындағы негізгі жолдардың бәрі кеше жабылған. Әлеуметтік желіде өзенмен ағып бара жатқан үйдің видеосы пайда болды. Ағыстың үйді көпірге қарай ағызып бара жатқаны байқалады. Бірақ су дейгейінің жоғары болуынан үй көпірдің астынан өте алмай, қирап қалған.

Қазақпарат