Мемлекет

Бөлісу

Ниагара сарқырамасы Қазақстан туының түсіне боялды

Ниагара сарқырамасы Қазақстан туының түсіне боялды

       Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шетелдегі бірқатар атақты ғимараттар мен көрікті жерлердің қасбеттері Қазақстан туының түсімен ерекшеленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасының СІМ-нің Telegram арнасына сілтеме жасап. 

       Олардың қатарында Канададағы Ниагара сарқырамасы, Мадрид  алдындағы Cибелес субұрқағы (Испания), Таллин қаласының орталығындағы Бостандық алаңы (Эстония), Лондондағы (Ұлыбритания) Қазақстан Республикасының Елшілігінің ғимараты, Тбилисидегі (Грузия) телемұнарасы, Ада және Бранков көпірі, сондай-ақ Белградтағы (Сербия) Албания сарайы, Анкарадағы (Түркия) Сауда және биржалар палаталары одағының ғимараты, ADNOC Tower ғимараты Абу-Дабиде (БАӘ), Эр-Риядтағы Kingdom Tower (Сауд Арабиясы), Дохадағы Sheraton қонақ үйі (Катар), Мехикодағы (Мексика) Революция монументі және Тәуелсіздік бағанасы бар.

       Американың Нью-Йорк, Филадельфия, Хьюстон, Гонолулу, Балтимор және Тампа қалаларының алаңдарында Қазақстанның туын көтерудің салтанатты рәсімдері өтті.

       Сондай-ақ, Быдгощ қаласындағы (Польша) қалалық әкімдік ғимаратында еліміздің туы көтерілді

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через