Бос уақыт

Netflix «Кальмар ойыны» реалити-шоуы ашылатынын жариялады

  Netflix «Кальмар ойыны» реалити-шоуы ашылатынын жариялады

Netflix «Кальмар ойыны» сериалының негізінде реалити-шоу ашылатынын жариялады.

Оңтүстіккореялық драмадағы сияқты, жаңа жобаның авторлары 456 қатысушыны іріктеп алады. Олар ақшалай жүлдеге таласады.

Сынақтар триллердегі оқиғалар желісі бойынша өрбиді, бірақ кейіпкерлердің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнбейді.

Сайыстан шығып қалған ойыншылар үйіне құр қол қайтарылады. Қатысуға үміткерлер арнайы сайтқа өтінім тастай алады. Талап бойынша, олар ағылшын тілін білуге тиіс.

Айта кетейік, Нетфликс осы аптада ең табысты жобаның екінші маусымы эфирге шығады деп хабарлаған болатын.



Дереккөз: 24.kz. Фото: ibtimes.comwylsa.com

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Достарыңызбен бөлісіңіз

Пікір қалдыру