Несиені қалай таңдаған дұрыс

Несиені қалай таңдаған дұрыс
фото: newtimes.kz

Қазіргі уақыттың талабы сол – қалтаңызда қаржы болмаса, жұмысыңыздың да бітуі екіталай. Сондықтан да көптеген адамдар түрлі қаржы ұйымдарының қызметіне жүгінуге мәжбүр. Бұл орайда, несие беретін компаниялар, банктер, қаржы ұйымдары өте көп. Десе де, олардың көбісі түрлі жолдармен – пайыздармен, артық төлемдермен тұтынушыларының қалтасын қағуды меңгеріп алған. Яғни, көп жағдайда тұтынушы банктерге ұтылып қалып жатады.

Тұрғындар көбінесе қаржы ұйымдарының қызметіне шағын несие алу үшін жүгінеді. Алайда, шағын несие алу кезінде қандай шарттарды, нені ескеру қажеттігін біле бермейді. Осындай жағдайда тұтынушыларға көмектесу үшін Financer.com сервисі іске қосылды. Бұл ғаламтор көзінің бірнеше артықшылығы бар.

Бірінші, оқырманының сұранысына сай, әртүрлі несие түрлерін және несие жеткізушілерді бір-бірімен салыстыра отырып, тұтынушысының назарына ұсынады.

«Біз сайтымызда Қазақстанда ұсынылатын несиелер туралы ең соңғы және нақты ақпаратты ұсыну үшін күн сайын сараптама жасаймыз. Осылайша мәліметтер базасын жаңартып отырамыз», - дейді Financer.com-ның  несие және жеке қаржы саласындағы сарапшысы Евгения Николаевская.

Демек, Financer.com Қазақстанда ұсынылатын қаржы құралдары туралы шынайы әрі жаңартылған ақпаратты таратады. Веб-сайта барлық қазақстандық кредиторлар туралы деректер бар. Онда тұтынушы пайыздар мен шығыстар бойынша әртүрлі несие түрлерін салыстыра алады, инвестиция мен жинақ үшін ең жақсы нұсқаны да таңдауға мүмкіндігі бар.

Екінші, веб-сайттан несие және қаржы тақырыбындағы көптеген қызықты да пайдалы ақпараттар мен кеңестерді табуға болады. Атап өтетiн жайт, Financer.com несиелік қызметтерді ұсынбайды және банк немесе несиелік компания болып саналмайды.

«Біздің қызметіміз пайдаланушыларға уақыт пен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік беретін қаржылық өнімдер мен қызметтерді салыстыруды көздейді. Мысала, жалақыға дейін несие алмай тұрып, оны қалай өтеймін деп ойланыңыз. Қарызды есептегенде, несиенің өзін ғана емес, ақшаны пайдаланған үшін толеу пайызын ескеру керек», - дейдi компания өкілі.

Үшінші, Financer.com дәл қазіргі уақытта қажетті қаржы құралын дербес таңдауға мүмкіндік беретін интерактивті өнімдермен жұмыс істеуге көмектеседі. Өнімдер жаңартылған деректерді қамтиды; олар мүмкіндігінше ыңғайлы және мол деректер қорымен ерекшеленеді әрі белгілі бір қызметтерді таңдаудан барынша пайда алуға мүмкіндік береді.

Компанияның жаһандық командасы экономика, қаржы және несиелік бизнеске құмар мамандардан жасақталған. Олар веб-сайт арқылы өз тәжірибелерімен бөліседі. Атап айтқанда, қаржылық шешімдерді бей-берекет қабылдамауға, тұтынушының қабілеті мен қалауына сәйкес келетін оңтайлы таңдаулар жасауға кепілдік береді.

Бүгін.кз