фото: azattyq-ruhy.kz
Ертеректе ауылдан бір жас әскерге аттанса, жұрт жиылып шығарып салатын, не Отан алдындағы борышын өтеп келсе бәрі ортақ қуанышты бөлісетін. Ал бүгінгі таңда әскерге аттанып немесе оралып жатқандар туралы естімейміз.
Заң бойынша, 18 жасқа толған жігіт Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. Бұл міндеттен қасақана жалтарғандарға қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Егер әскерге шақырылған азамат шақыру қағазы бойынша медициналық тексеруге келмесе, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.
Ал әскери борышын өтеуден қасақана қашқандар Қылмыстық кодекстің 387-бабына сәйкес жазаланады. Әскерге барудан мүлдем бас тартқандарға 1000 АЕК (3 450 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе бір жылға бас бостандығынан айырылады.
Бірақ бұл талапты ескеріп, әскер қатарын көбейтіп жатқандарды көрмедік.
Бүгінгі таңда «тепсе темір үзетін» азаматтар неге әскери борышын өтегісі келмейді? Бұған не себеп? Бұл сұрақты жігіттерге және ұл тәрбиелеп өсірген ата-аналарға қойған едік.
Фотоazattyq-ruhy.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через