Telecom Daily агенттігінің бас директоры Денис Кусков ноутбуктың қызмет ету мерзімін қысқартып, зақым келтіретін әдеттерді атады.
Маманның айтуынша, ноутбукты жұмсақ жиһаз немесе жамылғының үстіне қоюға болмайды. Себебі ноутбук қызғанда мата тезірек салқындауға кедергі келтіреді. Сондықтан электр техникасының шамадан тыс қызып кетуіне әкеп соғуы мүмкін.
Сондай-ақ Денис Кусков ноутбукты қатты сілкімеуге, лақтыруға болмайтынын айтады. Соққы салдарынан құрылғы ішіндегі бөлшектер істен шығуы мүмкін.
Кусков ноутбукпен жұмыс істеп отырғанда су ішуге немесе сұйық заттарды жанына қоюға кеңес бермейді. Егер лэптопқа су тисе, әрі қарай жұмыс істеуі мүмкін. Ал кофе немесе шай қышқылдану салдарынан құрылғының істен шығуы алып келеді екен. Мұндай жағдайды ноутбукты қалпына келтіру қиын, жөндеуге тура келеді.
Ноутбуктың қуатын 0%-ға дейін жеткізу де кері әсер етеді. Өйткені аккумулятор батареялары толық қуатты көтермейді, егер үнемі осылай жасаса, ноутбук істен шығады. Әдетте құрылғы 10-15% энергиясы қалғанда қуаттау керегін ескертеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через