2022 жылдың қаңтар-маусымында 55,1 мың жұп некесін тіркеткен. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 15,2 пайызға аз. Қалаларда некеге тұру саны бір жылда 5 пайызға (42,6 мыңға дейін), ауылдарда 38,1 пайызға (12,5 мыңға дейін) қысқарды.
Өңірлік тұрғыда жұптардың көпшілігі некелерін Алматыда тіркеді (7,1 мың жұп). Осы көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 14,7 пайызға аз болды
Сонымен қатар, бұл үштікке халқы тығыз орналасқан Түркістан (6 мың, бір жылда 16,9% кем) және Алматы (5,6 мың, 17,1% кем) облыстары енді. Қиылған неке саны бойынша ең аз көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында анықталды. Аталған мерзімде 1,5 мың неке тіркеліп, бір жылда 2,6 пайыз деңгейінде өсім болды.
Бұдан бөлек, ажырасулар саны бойынша Алматы (1,2 мың), Алматы (1 мың) және Қарағанды (937) облыстары алда тұр, - деп жазды ranking.kz сайты.
Фото: elen.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через