Ажырасу деңгейі ең төмен және жоғары елдер анықталды деп хабарлайды Standard.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Мальдив аралдарының тұрғындары көп ажырасады.
2020 жылы әлемдегі ажырасу деңгейі ең жоғары мемлекет Мальдив аралдары болды. Мұндай деректерді World Population Review Дүниежүзілік халық санағы бюросы жариялады. Онда 1000 адамға бес ажырасудан келеді. Негізгі себептердің бірі – өзара келіспеушілік. Мұнда некелесу, ажырасу оңай.
Беларуссияда да ажырасу көп. Билік бұл демографияға қауіп деп санайды. Бұл Жоғарғы Соттың пленумында талқыланды. 2018 жылы ажырасулар саны 48 %-ға, 2021 жылы 57 %-ға жетті. 2020 жылы 70 %-ды көрсетті. Сот практикасы бойынша, некені бұзуға негізінен әйелдер мүдделі.
Ажырасу 35-45 жаста жиі болады. Негізгі себептер – тұрмыстық зорлық-зомбылық және көзге шөп салу. Алдын алу шаралары ретінде Жоғарғы Соттың пленумы арнайы қаулы қабылдады. Енді әр отбасына татуласу үшін кем дегенде үш ай беріледі.
Ажырасу деңгейі ең төмен елдер арасында Шри-Ланка көш бастап тұр. Мұнда 1000 адамға 0,15 ажырасу бар. Одан кейінгі тізімде Вьетнам мен Гватемала тұр. Бұл елдерде ажырасудың аздығы бақытты некенің көптігін білдірмейді. Олардың кейбіреулерінде ажырасуды заңды түрде рәсімдеу қиын, сол себепті бөлек тұра береді. Сондай-ақ әйелдерге қаржылық жағынан баланы қарау қиын болғандықтан, шыдауға мәжбүр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через