Бала оқуға түссе, жәрдемақы ол 23 жасқа толғанға дейін төленеді.
Қазақстанда төрт балалы отбасыларға қолдау ретінде жәрдемақы қарастырылған. Алайда, ол балалардың бірі 18 жасқа толған кезде тоқтатылады. Журналистер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиынында осы мәселенің мәнін сұрады. Сауалға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова жауап берді.
"Егер бала 18 жасқа толғаннан кейін оқуға түссе, жәрдемақы ол 23 жасқа толғанша төленеді. Бұл жәрдемақы үш балалы отбасыға төленбейді. Тек төрт балалы отбасыларға ғана көп балалы болғандықтан қолдау ретінде беріледі. Егер төрт баланың біреуі университет не колледж бітіріп, жұмысқа тұрып жатса немесе жұмысқа тұра алмаса да, еңбекке қабілетті болып саналады. Әрине, ол отбасы көпбалалы болып қалады, бірақ оларға жәрдемақы төленбейді. Себебі, бұл отбасында кәмелетке толмаған үш бала ғана қалғандықтан, басқа кәмелеттік жасқа толмаған үш баласы бар отбасылардан айырмашылығы қалмайды. Бұл жәрдемақы тек оқу орнына түскенге дейін ғана төленеді", – деп түсіндірді Назгүл Сағындықова.
Еске салайық, Қазақстан Халық партиясының депутаттары вице-премьер Алтай Көлгіновтке 4 және одан да көп баласы бар ата-аналарға балалардың жасына қарамастан көпбалалыларға берілетін жәрдемақыны кіші баланың кәмелетке толғанға дейін беруді қарастыруды сұрап, депутаттық сауал жолдаған еді. Қазіргі таңда мұндай көпбалалы отбасылар үлкен баласы кәмелетке толғаннан кейін немесе студент болып оқып жатқан балалалары 23 жасқа толғаннан кейін көпбалалы отбасы мәртебесінен айырылады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через