Наурызбай ауданының басшылары уәдесінде тұрды

Наурызбай ауданының басшылары уәдесінде тұрды

Standard.kz ақпарат порталы көтерген мәселе оң шешімін тапты. Бұған дейін портал тілшілері Алматыда Абай даңғылының жоғарғы жағына егілген жүзден астам талдың жайын қозғаған еді.

Мамыр айының басында егілген жас ағаштар Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Наурызбай ауданы халқымен кездесуінен кейін іле-шала ғайып болған еді.  Аудан тұрғындары осынау түсініксіз жағдайға  Standard.kz ақпарат порталының араласуынан сұраған. Осы өтінішті негізге ала отырып, Наурызбай ауданының әкіміне хат жазғанбыз,  дереу ресми жауап та алдық.    

Хатта жасалған шартқа сәйкес өнім беруші жеткізетін тауар техникалық сипаттама талаптары мен стандарттарына (өсуі, тұқымдық құрамы) сәйкес келмегенін хабарлап, жақын күндері басқа көшет отырғызылатынын мәлімдеген болатын.

Наурызбай ауданының басшылығы уәдесінде тұрып, Абай даңғылының жоғарғы жағына талаптарға сай келетін талдарды отырғызды.

Standard.kz ақпарат порталының өтінішін жықпағаны үшін біз де аудан басшыларына ризашылығымызды білдіреміз!

Фото krisha.kz