фото: https://www.gov.kz
Наурыз мейрамы Елордадағы 30 аумақта кең көлемде тойлануда. Әсіресе Халықаралық EXPO көрмесі алаңында бірегей бағдарлама дайындалды. Көпшілік ақшаңқан киіз үйлерге барып, түрлі мерекелік шараларды тамашалауда. Өнер иелері жиналған қауымға ән мен жырдан шашу шашты.
Бүгін 22-Наурыз елордадағы Халықаралық EXPO көрмесі айрықша атмосфераға бөленді. Ұйымдастырушылар жиналған қауымды тәнті етіп, көңілінен шығуға барын салып жатыр. Әсіресе киіз үйлердің жөні бөлек. Әр қонақ алас, саумалық сынды тақырыптарда безендірілген шаңырақтарға кіріп, Наурызға қатысты салт-дәстүрді көппен бірге орындады.
Бірлік пен бейбітшіліктің арқасында елдегі Наурыз мейрамының даңқы артып отыр. Бұл алаңдағы меймандар санында есеп жоқ. Сол себепті ұйымдастырушылар бұрын-соңды болмаған бірегей бағдарлама ұсынуға бел буған.
Меймандарға бас қаладағы 7 үздік мейрамхана мәзірінен ұлттық дәм ұсынылды. 40-қа жуық кәсіпкер өз өнімдерін жәрмеңкеге қойды. 50-ден аса шебердің көрмесін тамашалап, кеңесін алды.
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через