фото: kk.wikipedia.org
Елімізде нан бағасы астықтың тоннасы 160 мың теңгеге көтерілгенге дейін сақталады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.
Бүгінде дүкенде нан бағасы 92 теңге және одан жоғары. Әр дүкенде баға әртүрлі. Астықтың тоннасы 160 мың теңге болған кезде нан бағасы қымбаттады. Бірақ, астық бағасы төмендегенде нан арзандаған жоқ. Нарықта астықтың тоннасы 105-110 мың теңге, оның үстіне дәнмаңызы жоғары. Сондықтан да астық тоннасы 160 мың теңгеге дейін көтерілгенше нан бағасы сақталады. Осы орайда наубайханалардан да баға неге арзандамағанын сұраған жөн, - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Айдарбек Сапаровтың дерегінше, биыл 16 млн тонна астық бастырылады деген болжам бар. Бұдан бөлек, өткен жылдан 3 млн тонна астық қалып отыр.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через