фото: mediabugin@gmail.com
Кей адамдардың не үшін мұз жегісі келетінін білесіз бе? Бұл құмарлық - анемияның белгісі. Алайда мұз жеу минералды заттардың орнын толықтырмайды. Осы орайда назарларыңызға медицина орталығының басшысы Алексей Цойдың пайдалы кеңестерін ұсынамыз.
2000 жылдары Ньюкасл университетінің ғалымдары пагофагия - адамдардың не үшін мұз жегісі келетінін зерттеді. Бұған 81 адам қатысқан. Көпшілігі дұрыс ас ішпеген соң темір тапшылығы анемиясымен ауырғаны анықталды. Сонда ғалымдар темірдің биологиялық қоспаларын қабылдауды ұсынды. 21 күн қоспаларды қабылдағаннан кейін 68 адамның мұзға деген құштарлығы тоқтаған. Сонымен қатар барлығының қан көрсеткіштері тұрақталған.
Адам темір тапшылығы анемиясымен ауырса:
● мұз жегісі келеді;
● жиі шаршап, әлсірейді;
● қатты тітіркенеді;
● тері мен шырышты қабаттары бозарады;
● басы жиі ауырып, айналады;
● тырнақтары мен шаштары сынады;
● жаттығу кезінде жүрегі жиі соғып, ентігеді.
Анемиямен ауыратыныңызды білген бойда оны емдеуге кірісу керек. Бұл жайында толық ақпаратты дәрігерден алғаныңыз жөн. Маман қажетті зерттеулерді жүргізе отырып, тиісті емдеу жолын ұсынады.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через