Мұхиттардың 90 пайызы пластиктен тазартылуы мүмкін

Мұхиттардың 90 пайызы пластиктен тазартылуы мүмкін

              Алдағы 20 жылда мұхиттардың 90 процентін пластиктен тазарту мүмкін бе? Халықаралық «Ocean Cleanup» үкіметтік емес ұйымы осындай бастама көтерді. Бұл ой іске асу үшін, жыл сайын кемінде 29 миллион тонна зиянды зат жиналуы керек. Мамандардың айтуынша, мұхиттарды мекендейтін 700-ден астам тіршілік иесі, дәл осы пластиктен зардап шегеді. Бүйте берсе, 2050 жылға қарай мұхиттардағы пластик саны балықтан да көп болуы мүмкін. Айта кетерлігі, жыл сайын бір ғана Тынық мұхитына 11 миллион тонна пластик түседі. Маркус Ериксен, жоба жетекшісі: – Біз пластик қоқыстарын тіпті Арктика мен Антарктикадан да таптық. Дүние жүзі бойынша таулардың басына, жолдардың жиегіне тасталған зиянды заттар осы мұхиттарға келіп құйылады. Ал мәселенің түпкі шешімі ақылды өндіріс тетіктерін іске қосумен тікелей байланысты.

мәтіндегі ақпарат туралы