Мұхиттан мұнай сүзген Ғалия

Мұхиттан мұнай сүзген Ғалия

Мұхиттан мұнай сүзген Ғалия

Ғалия  Садықова 20 жасында мұнай кен орындарын іздеумен айналысатын шетелдік компанияға жұмысқа тұрған. Сейсмикалық инженерия мамандығы бойынша білім алған. Бүгінде өзі секілді мұнай саласында жұмыс істегісі келетін жастарға жол көрсетіп, ментор болып жүр.

16 жасында мұнай-газ бағытындағы отандық оқу орнының студенті атанған. Геофизика, мұнай-газдың сейсмологиясы пәндерін өзіме жақын тұтқан. Бұл пәндерді оқи отырып, оның мақсаты айқындала түскен. Өзін  барлауда, теңіз бен мұхитта және шетелде жүргендей елестеткен. Төртінші курста оқып жүргенімде бір шетелдік компанияның хабарландыруына көзі түсіп, қажет құжаттарды тапсырып, бағын сынап көруге бел буады. Жұмысқа қабылдау алдындағы конкурстық сұхбаттасу Абу-Даби қаласында болады. Тағдырдың  қарайласқаны  болар, сол уақытта Ғалия да  ата-анасымен Дубай қаласында болады. Сұхбаттасуға барғанда, «Мені барлық кәсіби машықтарға үйретіңіздерші! Қолымнан келеді!» деп табандап тұрып алады. Осы табандылығы ұнаса керек,  бір-екі аптадан соң жұмысқа шақырту алады. Алғашқы жұмыс вахтасы  Мексика шығанағында өтеді. Студент кезде армандаған сәттердің орындалғанын сол кезде түсінген.

– Техникалық жағынан аса жауапты жұмысқа қатысың бар екенін сезіну зор жауапкершілік жүктейді. Жағалаудан алыста, теңіздің ортасы болған соң барлық техниканың үздіксіз жұмыс істеуі өте маңызды. Қызмет бабымен Америка, Колумбия, Мексика, Бразилия, Норвегия, Сенегал, Гана, Индонезия, Малайзия, Вьетнам, Дания, Англия, Шотландия елдерінде болдым. Бірнеше ай кезекшілік жұмыстан соң бірден үйіме, елге ораламын. Анамның қасында боламын,-дейді  Ғалия.