Мүшел жас қатерлі ме? Этнограф Болат Бопайұлы.

Мүшел жас қатерлі ме? Этнограф Болат Бопайұлы.

Мүшел жас - қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы алғашқы Мүшелі делінеді, одан кейінгі Мүшел жасы әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырады. Ол 25-ке толғанда екі Мүшел, 37-ге толғанда үш Мүшел, 49-ға келгенде төрт Мүшел, 61-ге келгенде бес Мүшел деп есептеледі.  

Мысалы, 1-мүшел балиғатқа толуға байланысты болса, 2-мүшел ат жалын тартып мінген жастың есейген шағы, 3-мүшел ақыл-парасаттың толысу шағы деген адамның физиологиялық-психологиялық жетілулерін меңзейді. Өкінішке қарай, отандастарымыздың басым бөлігі мүшел жас жайлы көп біле бермейді. 

Қазақ неліктен мүшел жасты қатерлі санайды, бұл жасқа толған адамдар неден сақтануы және қандай іске кіріспеуі керек? Осы және өзге де сұрақтарға бағдарлама қонағы  жазушы, этнограф,  Қазақ ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясының академигі, ағартушы Болат Бопайұлы жауап береді.