«Мұрат Ахманов» шығармашылық кітабы

«Мұрат Ахманов» шығармашылық кітабы

       Жақында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қазақ театр режиссурасы мен театр және кино актеры ретінде өзіндік дара жолы бар, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Мұрат Ахмановтың қаламынан туған драматургиялық төл шығармалары: пьесалар, интермедиялар, киносценарийі, сондай-ақ, ғибратты ғұмыры мен өнердегі қызметтік өмірінде рспубликалық, аймақтық, басылым беттерінде жарық көрген түрлі сұхбаттары мен мақалалары енгізілген 2 бөлімнен тұратын кітабының таныстырылымы өтті.

Жиынға Қазақстанның Халық әртісі Есмұхан Обаев,ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Иранғайып Оразбаев,  театрдың көркемдік жетекшісі Фархад Молдағали, театр сыншылары Аманкелді Мұқан,  Бақыт Нұрпейіс  қатысты.

Кітап барша өнерсүйер қауымға, жас ұрпаққа, студенттер мен тәлімгерлерге, сондай-ақ, автордың өнердегі әріптестері мен замандастарына арналады. Және қазіргі Қазақстан тарихына қызығушылар мен көпшілік оқырман үшін пайдалы.