Біздің өміріміздегі мәдениет

Бөлісу

"Мұқағали" халықаралық кинофестивальде бес жүлдені жеңіп алды

"Мұқағали" халықаралық кинофестивальде бес жүлдені жеңіп алды

Фильм бір жылда 10 халықаралық сыйлыққа ие болған.

"Мұқағали" көркем фильмі Шотландияда өткен халықаралық Сент-Эндрюс кинофестивалінде бес бірдей жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады "Қазақфильм".

Кинорежиссер Болат Қалымбетовтың туындысы кинофестивальде гран-при және "үздік кинодраматург", "үздік кинорежиссер", "үздік оператор", "үздік актер" аталымдары бойынша жеңімпаз атанды.

"Мұқағали" көркем фильмі бір жылда 10 халықаралық сыйлыққа ие болды. Бұл бұрын-сонды болмаған үлкен қуанышты жаңалық. Барша қазақ киносын қадірлейтін көрермендерге алғысымды білдіремін. Қазақтың ұлы ақының ұлықтаған фильм жастарға тек шабыт берсін, Мұқағали атамыздың өнерін дарытсын деп тілегім келеді! Тәуелсіздік күні қарсаңында әлемнің белді сыншылары өз бағасын берген бұл жүлделер- қазақ халқының ортақ жеңісі!", – деді фильмнің режиссері Болат Қалымбетов.

Фильмді Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген. 

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через