Мүлік және жер салығын төлеу мерзімінің аяқталуына 12 күн қалды

Мүлік және жер салығын төлеу мерзімінің аяқталуына 12 күн қалды

2 қазаннан бастап борышкерлерге қарызы туралы хабарлама жіберіледі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, Қазақстанда мүлік және жер салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады. Бұл мерзімге дейін міндетті салықты төлемегендерге 2 қазаннан бастап хабарлама жіберіле бастайды.

Егер борышкердің қарызы 1 айлық есептік көрсеткіштен жоғары болса, хабарлама табысталған уақыттан 30 күн өткесін қарызды мәжбүрлеп өндіру ісі басталады. Бұл жағдайда борышкерлер қарызына қоса сот орындаушысының қызмет ақысын да (қарыздың 25 пайызы мөлшерінде) төлеуіне тура келеді.

Мүлік және жер салығын келесі тәсілдермен төлеуге болады:

  • e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы;
  • банк бөлімшелері не мобильді қосымшалары;
  • eGov.kz қосымшасы;
  • төлем терминалдары.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, қазіргі таңда 1,8 миллион (38%) жылжымайтын мүлік пен жер учаскелері иелерінің қарызы бар.