Монтаж көбігімен үйін судан аман алып қалды

Монтаж көбігімен үйін судан аман алып қалды
фото: www.strojpolimer.ru

     Батыс Қазақстан тұрғыны үйін монтаж көбігімен көмкерді. 

     Ойына аяқ асты келген идея кәдеге жарады

     БҚО тұрғыны Мағжан Аққожин монтаж көбігімен есіктерді бекітіп, үйін су тасқынынан аман алып қалған. 

     Батыс Қазақстан облысының тұрғыны монтаж көбігімен үй, гараж есіктерін бекітіп, үйін су тасқынынан сақтап қалған. 

     - Жаңадан салған үйім. Түнімен ауыл әкімі, ауыл жастарымен сумен арпалыстық. Жанұямды эвакуация жасадық. Таң ата сегіздерде жырадан су тез арада кіріп келді. Жылдам әрекет ету керек болды, - дейді ол.

     Мағжан Аққожиннің айтуынша, кетерде есік пен гараждың есігін көбікпен бекітіп кеткен. 

     - Үш күннен кейін қайықпен келіп, үйді қарап, сол кезде түсірілген видео ғой тарап кеткен. Бұл идея аяқ-астынан ойыма келді. Еш жерден оқымадым. Алдын ала дайындалмадым. Себебі су кенеттен келді үйімізге. Бар ойым үйімді сақтап қалу болды, - дейді Мағжан Аққожин.

     https://almaty.tv/kz