фото: sputnik.kz
Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандықтардың мобильді аударымдары тексерілмейтінін мәлімдеді.
Бұған дейін әлеуметтік желіде салық органдары мобильді аударымдар көп түсетін азаматтарды тізімге алып, салық салады деген ақпарат тараған болатын.
Алайда мәжіліс кулуарында Жамаубаев мұны жоққа шығарды.
"Біз екінші деңгейлі банктермен ақпарат алмасу жұмысын жолға қойып жатырмыз. Әзірге ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже жоқ. Сол себепті алдымен бақылайық, қоғамды дүрліктірмейік. Өйткені бұл 2025 жылға дейін жасалатын жоспарлы жұмыс. Адамдарға да, бизнеске де ешқандай тексеріс, қысым болмайды. Мен кепілдік беремін", - деп сендірді Жамаубаев.
Еске салсақ, былтыр сәуір айында қаржы министрінің жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан табыс алу белгілері бар операцияларға жатқызу критерийлерін бекіту туралы бұйрығы күшіне енді.
Оған бір жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шотына қатарынан үш ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан ақша түссе, онда бұл операциялар кәсіпкерлік қызметтен кіріс алу белгілері бар операциялар қатарына жатқызылады.
Бұл жұмыс жалпыға бірдей декларациялауға көшу жоспарымен қатар жүргізілетіні хабарланды. Қарапайым қазақстандықтардың кәсіпкерлік қызмет белгілері бар мобильді аударымдары бойынша мәлімет алмасу тек 2026 жылдан бастап енгізілетіні айтылған еді.
© Photo : Pixabay / TeroVesalainen
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через