Оқу-ағарту министрлігі «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының күшін жою туралы» бұйрықты ашық талқыға шығарды.
«Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 29 қыркүйектегі № 522 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. Осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Оқу-ағарту министрлігінің заң департаменті көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін», - делінген құжатта.
Ұсынылып отырған бұйрықты талқылау 5 қазанға дейін жалғасады.
Дереккөз Қазақпарат. Фото: sc0046.zerenda.aqmoedu.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через