Мемлекет

Бөлісу

Министр көкөністің арзандағанын мәлімдеді

Министр көкөністің арзандағанын мәлімдеді

Министр көкөністің арзандағанын мәлімдеді

Ауыл шаруашылғы министрі Ербол Қарашөкеев арзандаған көкөніс түрлерін атады.

Қазіргі кезде барлық өңірде көкөніс өнімдерін жинау шаралары жалғасып жатыр. 22 қыркүйекке дейін 1,3 млн тонна пияз мен 2,4 млн тонна картоп жиналды. Қырыққабат пен сәбіздің көлемі аз емес.

"Бүгінгі таңда көкөніс өнімдеріне бағаның төмендегені байқалып отыр. Мысалы, негізгі өндіруші өңірлерде пияз бағасы 30-50 теңгенің арасында, картоптың бағасы – 95-100 теңге, сәбіз – 85-100 теңге, ал қырыққабаттың бағасы 50 теңгеге дейін төмендеді", - деді Қарашөкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, бұның барлығы – көтерме баға. Жиналған өнім сондай бағаға сатылады, ары қарай сөреге түскенше тағы қосылады.

Мәтіндегі ақпарат туралы

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через