Фотографтар Кувейтте орналасқан әлемдегі ең көп шина тасталған алаңды фотоға түсірді. Автокөлік шиналары қолданыстан шыққаннан кейін де әлемде маңызды экологиялық мәселе болып отыр
Кейінгі жылдары Кувейттің Джахра қаласынан жеті шақырым жерде орналасқан алып алаңда шамамен 50 миллион пайдаланылған автокөлік шинасы жиналды.
Тозған шиналардан бөлінетін химиялық заттарға байланысты ол өте маңызды экологиялық мәселе саналады. Оларды жою мәселесі әлем бойынша күн тәртібінде тұр.
Парсы шығанағындағы ең бай елдің бірі – Кувейт бұл мәселені шеше бастады. Елдегі барлық тозған автокөлік шинасы осы жерге жиналады, артынша қайта өңдеуге жіберіледі.
Жақында бұл ондаған миллион ескі шина Сауд Арабиясымен шекаралас Әл-Салмиде орналасқан қайта өңдеу зауытына жіберіледі. Кәсіпорын жыл сайын үш миллионға дейін шинаны қайта өңдеуден өткізуді жоспарлап отыр.
Ескі шиналарды енді не істейтінін және қоқыс алаңының орнында не пайда болатынын біздің фотолентадан көріңіз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через