Қазақстандағы орташа табыс көзімен есептегенде ел азаматтарына миллион доллар табу үшін екі ғасырдан аса уақыт қажет болады екен. Халықаралық сарапшылар жүздеген штат тұрғындарының жалақысын есептеп, қызықты рейтинг құрастырды.
Швейцариялықтар әлем бойынша табысты көп таба алады екен. Олар небәрі 13 жылда миллион доллар таба алады. Екінші орында Австралия. Оның азаматтары екі онжылдықта миллионер бола алады. Сингапурлықтар біраз уақыт жұмыс істеуге мәжбүр болады. Үздік бестікті Люксембург пен АҚШ түйіндеп тұр.
Орыстар әлдеқайда артта қалды. Миллион жасыл ақшаны жинақтау үшін оларға 192 жылға жуық уақыт қажет. Молдова тұрғындары – 204. Біздің ел 87-ші орында. Яғни орташа қазақстандық теория бойынша 245 жыл 11 айдан кейін ғана байлар тізіміне енеді. Салыстырмалы түрде өзбектерге 318 жыл, ал угандалықтарға 515 жыл керек екен.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через