Қазақстандықтардың шағын несие алу арқылы қарызға батуына жол бермеу үшін микроқаржы ұйымдардың қызметін реттеу күшейе түспек. Бұл туралы Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлім етті.
«Микрокредит ұйымдарының қызметін реттеуге қатысты осыған дейінгі жұмыстар одан әрі жалғасады. Азаматтарымыз шағын несие алу арқылы қарызға батып, өмірде қиын жағдайға тап болуына жол бермеу үшін микроқаржы ұйымдардың қызметін реттеуді күшейту керек. Бұл дегеніміз - табысы төмен азаматтарға микрокредиттерді беруді шектеу», - деді Әлихан Смайылов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Үкімет басшысының мәлімдеуінше, шектеу қоюдағы мақсат – азаматтарға табыс көлеміне қарай қызмет көрсету, сонымен қатар микрокредит нарығының тұрақтылығын қамту.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото mmatycoon.com.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через