Көне қылыш ұзындығы - 59,5 сантиметр. Мұндай жәдігер біздің заманымызға дейінгі V ғасырдың соңы және IV ғасырға жатады
Ресейдің Новосібір мемлекеттік университетінің археологтары Краснояр өлкесінде белгісіз біреулер металл сынығын қабылдайтын жерге тапсырған темір қылышты зерттеді. Мамандар ол көне дәуірге жататынын анықтады,
Археологтар Олег Митько мен Сергей Скобелев жеке коллекцияда болған темір дәуіріне жататын қос жүзді темір қылышты зерттеді. Семсер иесі оны Краснояр өлкесінің оңтүстігінде металл сынығын қабылдайтын орыннан тапқанын айтқан.
"Қылыш дәстүрлі тагар қанжарының ұлғайтылған технологиялық модификациясы болып отыр", - деп жазды университет басылымында жарияланған мақала авторлары.
Қылыштың жалпы ұзындығы - 59,5 сантиметр. Қиығындағы линза тәрізді жүзінің ені шамамен 7 сантиметр.
Археологтардың айтуынша, темір қылышты Минусинск қазаншұңқырының ерте темір дәуіріне жатқызуға болады.
Зерттеушілер мұндай скиф семсерлері біздің заманымызға дейінгі V ғасырдың соңы және IV ғасырға және тагар мәдениетіне жататынын айтты.
"Минусинск қазаншұңқырында темір өңдеу технологиясы кеш дамығанына сүйеніп, қылыш импорт құралы болды деп болжап отырмыз. Төмен көміртекті болаттан жаппай қару мен еңбек құралын дайындау басталған біздің заманымызға дейінгі ІІІ-ІІ ғасырға тиесілі болуы да мүмкін", - деп жазылған археологтар мақаласында.
Бұл олжа қысқа қылыштар түріне жатады. Ол жаумен жақын шайқасу кезінде кескілеген соққы жасау мен бас пен денені қорғауда тиімді болған. Алайда зерттеушілер қылыш жақын шайқасу үшін үлкен сұранысқа ие болмаған "эксперименттік" үлгі болғанын айтты.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через