Америкалық Meta Platforms Inc. (бұрынғы Facebook) алдағы айларда 10 мыңға жуық жұмыс орнын қысқартады.
Бұл туралы компанияның бас директоры Марк Цукерберг компания қызметкерлеріне хат жолдаған. Цукерберг 2023 жылды "Тиімділік жылы" деп атап, компания шығындарын шамамен 5 миллиард долларға дейін қысқартуды жоспарлап отырғанын айтқан.
Оның сөзіне қарағанда, бұл айтарлықтай қаржы жетіспеушілігі жағдайындағы шығыстарды азайту бойынша кезекті шара болмақ.
Алдағы бірнеше айда басшылық жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлердің жалақысы, сұранысы төмен жобалардан бас тарту мен компанияны қайта құрылымдауға қатысты жоспарларын жариялайды.
Дереккөз Tengrinews.kz. Фото PaySpace Magazine
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через