Мессидің көлігі 32 млн АҚШ доллары тұрады

Мессидің көлігі 32 млн АҚШ доллары тұрады

Әлемнің жаңа чемпионы Лионель Месси жеке автопаркі бар. Онда ондаған бағалы көлік сақтаулы тұр. Арасында ескі және жаңа көліктер де бар.  

Қозғалтқыш көлемі 5 литрлік  Lexus IS-F-ті  Мессидің сатып алғанына біраз болды.  432 аттың күшіне ие темір тұлпар сағатына 250 шақырымға дейін жүйітки алады.  

Әлем спорты жұлдызының иелігіндегі ең арзан көлік ретінде Mini Cooper S cabriolet-ті атап өтуге болады.  Футболист оны  спорттағы мансабын енді ғана бастаған уақытта 28 мың долларға алған.  

Ол Ferrari F430 Spider спорткарына бірталай өзгеріс енгізді. Осыдан кейін стандартты жиынтығы 190 мың доллар тұратын көліктің бағасы 4 млн доллардан асып кетіпті.  

Месси отбасымен бірге қыдыруға шыққанда көбінесе  Audi автоконцерні сыйға тартқан Audi Q7 көлігін таңдайды.  

Спортшыда Audi R8 GT автомобилі де бар. Бағасы 400 мың доллар тұратын асау көлік 5 секундта жүздеген шақырымды еңсеріп үлгереді.

Алайда Месси Cadillac Escalade тізгінін  тартқанда ғана өзін жолдың патшасы сезінеді екен.

Аргентина футболының жұлдызы күнделікті жүріп –тұруға 110 мың доллар тұратын  Range Rover Vogue –ды пайдаланады.

Айта кетейік. Оның автопаркіндегі ең қымбат көлік Ferrari 335 S Spider Scaglietti (Скальетти). 1957 шыққан автомашина 32 млн доллар тұрады. Оны футболист аукционнан сатып алған.

Осы сауда саттық барысында  Мессиге қарсы кімнің бәсекеге түскенін білесіз бе? Криштиану Роналду.

Аукциондағы жекпе жекте Аргентина жеңіске жетті.

Фото: nl.pinterest.com