Біздің өміріміз

Бөлісу

Мешітте ұрлық жасаған шетел азаматы ұсталды

  Мешітте  ұрлық   жасаған  шетел  азаматы  ұсталды

Мешітте  ұрлық   жасаған  шетел  азаматы  ұсталды

Нұр-Сұлтан  қаласында  мешітке  келген  адамдардың  жеке  заттарын ұрлаған  Өзбекстан  азаматы  ұсталды.

Шетелдіктің  қылмысы  бейнебақылау  камераларына  жазылып  қалды. Ол намаз уақытын  пайдаланып,  сөреде  тұрған  жеке  заттарды  және  қуат көзіне  қосылған ұялы телефондарды ұрлаған. 22 жастағы жігіт бір ай бойы ұрлық жасап жүрген.

Қазіргі кезде жас жігіттің алты рет ұрлық жасағаны дәлелденіп отыр. Ол өз кінәсін мойындады. Заттай  айғақ  ретінде төрт телефон тәркіленді. Өзбекстан азаматы қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Айта кетері, осы бапта 1 000 айлық есептiк көрсеткiшке (3 180 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, я болмаса, үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мәтіндегі ақпарат туралы

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через