«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы
фото: https://qarajalnews.kz

   Құрметті БАҚ өкілдері!

  2023 жылғы 25 шілде күні «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңінің салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Қоғам назарын отбасылық құндылықтарды сақтауға аудару әрі оны дәріптеу мақсатында елімізде әр жыл сайын өткізілетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңінің салтанатты марапаттау рәсіміне аудандық кезеңдерінің 8 жеңімпазы қатысып, естелік сыйлықтармен марапатталады. 8 жеңімпаздың ішінен 1 отбасы Алматы қаласының жеңімпазы атанып, Астана қаласында өтетін жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысатын болады.

Биыл «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына 10 жыл толып отыр.

Аталмыш шараны жария ету үшін БАҚ өкілдерін шақырамыз.

Өтетін уақыты: 2023 жылғы 25 шілде сағат 10.30

Өтетін орны: «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығы аумағында орналасқан  «БАҚЫТ» салтанат сарайы.

Мекенжайы:  Тимирязев  к-сі, 42.

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Әкімдігі мен Халықаралық «Жанашыр» қо,амдық қоры.

Байланыс: 8 707 3240176