Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді бұзған хакер сотталды

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді бұзған хакер сотталды
фото: © Photo :  Қазақстан ҰҚК

Хакер Қазақстанның мемлекеттік ақпараттық жүйесін бұзды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасауды деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді.

Ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сотталушы елдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандары саналатын мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізгені тергеукезінде анықталды.

Ол заңсыз алған Қазақстан азаматтарының жеке деректерін ақшалай сыйақыға одан әрі үшінші адамдарға беруді көздегені толық дәлелденді.

ҚазАқпарат