Мектептерде буллингке біржола тосқауыл қою қажет

Мектептерде буллингке біржола тосқауыл қою қажет
фото: sputnik.kz

Президент оқушылардың бір-біріне әлімжеттік, тіпті, зорлық көрсетуі тыйылмай жатқанын, соның кесірінен олар өз-өзіне ол жұмсауға, яғни суицидке дейін барып жатқанын мәлімдеді.

"Буллинг балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына және олардың жан дүниесіне орны толмас зиянын тигізеді. Сондай-ақ, оқу үдерісіне кері әсер етеді. Балалардың әлеуметтік ортадан шеттеп қалуына, ой-санасының бұзылуына әкеп соқтырады. Мемлекет баланың құқығы мен қауіпсіздігінің қорғалуын қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ, буллингке біржола тосқауыл қою қажет"", - деп атап өтті Тоқаев педагогтер съезінде.
ҚазАқпарат