фото: Бақ кз
Еліміздің барлық білім беру ұйымында бірінші тоқсан бойы "Ақындар айтысы" суырып салма ақындар мүшәйрасы өтеді.
Байқау "Төрт тоқсан – төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткізілуде.
"Бұл жоба Қазақстанның ұлттық өнерін, мәдениетін және мұрасын қолдау мен дәріптеуге арналған. Қазірдің өзінде Қазақстан бойынша жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру мақсатында "Ақындар айтысы" ашық сабақтары басталып кетті", - делінген хабарламада.
Байқаудың мақсаты – айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы ретінде дәріптеу, баға жетпес мәдени мұрамызды шешендік өнер арқылы таныту, балаларды ұлттық рух пен отансүйгіштік, өз халқына, салт-дәстүріне деген құрмет білдіруге тәрбиелеу, дарынды шығармашыл жастарды анықтау, деп атап өтті министрліктегілер.
Айта кетері, "Ақындар айтысы" байқауы мұндай кең көлемде елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл ауқымды республикалық акция еліміздегі барлық білім беру ұйымын біріктіруге бағытталған және білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, ақындар дәстүрін жалғастыруға ынталандырады, деп түйіндеді ведомство.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через