Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар әзірленді
Осылайша, мектептерге оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастырудың баламалы нұсқаларын таңдау мүмкіндігін беру ұсынылады.
Осыған байланысты мектеп асханасында құрал-жабдықтар мен тиісті жағдайлар болған кезде оқушыларды тамақтандыруға арналған тауарларды асхана меңгерушілерінің, аспазшылардың, асхана қызметкерлерінің штаттан тыс бөлімшелерін енгізу арқылы конкурстық негізде сатып алуға болатыны туралы жаңа тармақ қосылды.
Сонымен қатар, ережелерге мектептер өздерімен бірге әкелінетін тағамдарды жеуге қажетті жағдай жасайды деген талап қосылды.
Бұл ретте, сатып алынатын азық-түлік өнімдері Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс екені атап өтілді.
Құжат 25 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған.
Дереккөз Zakon.kz. Фото www.uralskweek.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через