фото: toyszone.ru
Оқушыға қажет құралдардың бағасы бір жыл ішінде едәуір өскен. Биыл шілдеде былтырмен салыстырғанда кеңсе тауарларының бағасы 64,4% көтерілген.
Атап айтқанда, мектеп дәптері – 77, қалам – 38, түрлі-түсті қарындаштар – 42, сурет альбомы – 44% қымбаттаған.
Ал мектеп жасындағы 270 мың оқушыға орын жоқ. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы дерегінше елімізде 7 мың 687 мектеп бар. Оның 52-сі апатты жағдайда болса, 300-ден астамы стандартқа сай емес. Биыл 3,7 млн-нан астам бала оқу жылын аяқтады. Оның 172 мыңы мектеп бітірді.
Алдағы қыркүйекте мектепке 3 жарым млн бала барады. Бірінші сыныпқа қабылданғандар саны – 380 мың.
Статистикаға сүйенсек, Түркістан, Алматы облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында оқушыларға орын тапшы.
Дереккөз qazaqstan.tv. Фото toyszone.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через