фото: inbusiness.kz
Биыл мегаполистегі 29 мектепте 7,7 мың оқушыға арналған «Мектеп автобусы» пилоттық жобасы іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы қалалық білім басқармасының мәліметінше, мектеп автобустары, ең алдымinbusiness.kzен аса қажет аудандарға енгізіледі. Пилоттық жобаға төрт аудан таңдап алынды. Атап айтар болсақ, Бостандық, Наурызбай, Алатау және Медеу аудандары. Оқушы санына қарай әр мектепке арнайы маршруттар жасалады. 20, 30, 50 орындық автобустар бар. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама қортындысы бойынша, қазір 38 мыңға жуық бала мектеп автобустарына мұқтаж.
2023 жылдың I тоқсанында 100 жаңа мектеп автобусы жеткізіліп, заманауи қауіпсіздік жүйесімен жабдықталады. Тасымалдау қызметтеріне 1,4 млрд теңге бөлінді.
Сондай-ақ, қала мектептерінде кешенді қауіпсіздік жүйесі енгізілді. Дабыл түймелері, турникеттер, өрт қауіпсіздігі жүйесі, полицияның жедел басқару орталықтарымен біріктірілген бейнебақылау камералары орнатылды. Әкімдік бұл жобаны үш жылдық сервистік үлгі бойынша қаржыландыруды жоспарлап отыр. Жалпы қаржыландыру көлемі - 4,9 млрд теңге. 2023 жылға арналған бюджет жобасында осы мақсаттарға 1,6 млрд тенге бөлінді.
«Қауіпсіздікке келетін болсақ, барлық қалалық білім беру ұйымдары бейнебақылау камераларымен жабдықталған, камералар мен дабыл түймелері жергілікті полиция бөлімдеріне қосылған. Сонымен қатар, 120 білім беру ұйымдарында турникеттер орнатылды, 94 білім беру ұйымдарында конкурстық рәсімдер өткізілуде, сондай-ақ кейбір ұйымдарда спорт инвентарьларын жаңарту және толықтыру қажет екені анықталды», - деді өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева.
Бұдан бөлек, заманауи инфрақұрылымды жақсарту арқылы 2025 жылға дейін барлық мемлекеттік мектептер физика, химия, биология, информатика және робототехниканың жаңа буынының пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етіледі. Тек 2023 жылдың өзінде жаңа модификациядағы 168 шкаф сатып алынады, бұл мақсатқа жергілікті қордан 2,1 млрд теңге бөлінді.
«Мониторинг барысында анықталғандай, 164 білім беру ұйымы жаңа модификацияланған физика кабинетімен, 158 мектеп химия кабинетімен, 159 білім беру ұйымы жаңа модификацияланған биология кабинеттермен және 79 білім беру ұйымы заманауи робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Сонымен бірге, 56 білім беру ұйымында жаңа модификацияланған кабинет алуға конкурстық рәсімдер жүріп жатыр», - деді Гүлнар Ермекбаева.
Былтыр Алматыдағы мемлекеттік мектепте оқитын барлық бастауыш сынып оқушылары (1-4 сыныптар) әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тегін ыстық тамақпен қамтылған болатын. Өзге өңірлерге үлгі болған жоба биыл да жалғасады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через