фото: CGTN Global Watch News
Қытайдың солтүстік-батысындағы Иньчуань қаласында орналасқан барбекю мейрамханасында жарылыс болып, 31 адам қаза тапты.
Жарылыс жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 20:40-та, Иньчуань қаласындағы Синцин ауданында орналасқан мейрамханада болды. Оған сұйытылған мұнай газының ағуы себеп болғаны хабарланады.
Нинся-хуэй автономиялық ауданының ҚКП комитетінің мәліметінше, жарылыстан 38 адам зардап шеккен, оның 31-і көз жұмды. Қалған 7 адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр, олардың біреуінің жағдайы ауыр.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через