«Медеу» мұз айдынында конькимен сырғанау маусымы қашан ашылады

«Медеу» мұз айдынында конькимен сырғанау маусымы қашан ашылады
фото: vsegda-pomnim.com

"Медеу" мұз айдынында конькимен сырғанау маусымы 15 қараша күні ашылады. Бұл туралы мұз айдының баспасөз қызметі әлеуметті желіде мәлімдеді.

«Медеу» мұз айдыны басшылығының хабарлауынша, қазіргі уақытта ашылу салтанатына дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

«Достар! Бүгін біз сіздермен қуанышты жаңалықпен бөліскіміз келеді. "Медеу" мұз айдыны" өз есігін 15 қараша күні айқара ашады.

Қазіргі кезде біз ашылу салтанатына дайындалып жатырмыз!

Нысанда дайындық жұмыстары аяқталып, мұз құйыла бастады», - деп жазды желіде «Медеу» мұз айдының баспасөз қызметі.

Дереккөз ҚазАқпарат.