Мәжбүрлеп өндіріп алынады
Азаматтарға алдымен салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі. Осы жолы ескертулер 1 қазанға дейін таратылған.
Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылғы мүлік салығын төлеу мерзімінің аяқталғанын хабарлады.
"2020 жыл үшін жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылдың 1 қазанында аяқталды. Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органымен Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы мерзімінде мүлік салығын төлемеген жеке тұлғаларға push-хабарлама жіберу жоспарлануда", - делінген ресми хабарламада.
Ал салық заңнамасы бойынша мемлекеттік кірістер органдары мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің төленуін қадағалайды. Азаматтарға алдымен салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі. Осы жолы 1 қазанға дейін ескертулер таратылды.
"Хабарлама орындалмаған және берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органдары берешекті өндіріп алу туралы салықтық бұйрық әзірлейді. Оны мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына жіберетін болады. Осыған байланысты 2020 жылға мүлік салығын төлемеген азаматтардан салықтық берешекті өтеуді сұраймыз", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, жеке тұлғалар салықты "e-Salyq Azamat", екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен электрондық үкімет порталы арқылы төлей алады. Бұдан бөлек, банк бөлімшелерінде төлем терминалдары арқылы қолма-қол ақшамен және банк карталарымен салық аударуға мүмкіндік бар.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через