фото: inbusiness.kz
Қазақстанда қос азаматтығы бар мәслихат депутаттары да анықталды. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.
«Министрлік мәліметіне қарағанда, 2022 жылы қос азаматтықтың 841 дерегі анықталды. Ал биыл қаңтар-қазан аралығында 525 қос азаматтығы бар адам анықталды. Қос азаматтығы барлардың арасында жергілікті өкілді органдардың депутаттары да болған жағдайлар бар», - деді М. Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.
Бұл тұрғыда Сенат төрағасы елімізде заң талаптарын бұзатындарды жылдам анықтау керек екенін айтты. Яғни еліміздің Конституциясында қос азаматтыққа тыйым салыған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Ішкі істер министрлігі қос азаматтығы бар адамдарды Қазақстан аумағынан шығаруға қатысты түсінік берді.
«Дегенмен, Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін соңғы бес жылда 3 515 (2018 жылы – 522, оның ішінде 425-іне айыппұл салынып, 97-сі елден шығарылды. 2019 жылы – 449, оның ішінде 393-іне айыппұл салынып, 56-сы елден шығарылды. 2020 жылы – 585, оның ішінде 543-іне айыппұл салынып, 42-сі елден шығарылды. 2021 жылы – 1118, оның ішінде 978-іне айыппұл салынып, 140 елден шығарылды. 2022 жылы - 841, оның ішінде 703-іне айыппұл салынып, 138 елден тыс жерге шығарылды) адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың көбісі – Ресей азаматтары. Бұл ретте қос азаматтық фактілері анықталған барлық адам Қазақстан азаматтығынан айырылады», - делінген ведомство мәліметінде.
Дереккөз inform.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через