Мемлекет

Бөлісу

Машина жасау саласының бүгінгі жағдайы?

Машина жасау саласының бүгінгі жағдайы?

Машина жасау саласының бүгінгі жағдайы?

Экономиканың өзге бағыттары белгілі бір деңгейде дәл осы салаға тәуелді. Машина жасау – агроөнеркәсіп, энергетика, металлургия, көлік секілді іргелі секторлардың жұмысын жандандырып отыр. Бұл сала Қазақстан үшін индустрияландырудың негізгі діңгегіне айналды.

Қазақстан машина жасаушылар одағының мәліметінше, бүгінде еліміздің өңдеу өнеркәсібіндегі бұл саланың үлесі 14 пайызды, ал жалпы өнеркәсіптегі үлесі 7 пайызды құрап отыр.

«QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ салалық даму дирекциясының басшысы Әсет Адахаевтың сөзінше, машина жасау өнеркәсіп салалары арасында қосылған құны жоғары өнім ұсынуда жетекші орынға ие. Сондықтан машина жасау саласы да, экономиканы сапалы әртараптандырудағы ең бір әлеуетті бағыты. Мұнда құрылған бір жұмыс орны автоматты түрде тікелей байланысы бар өзге салаларда бес-алты жұмыс орнының пайда болуына жол ашты.

 «Қазақстанның машина жасау саласы қосылған құнмен жаһандық өндірістік тізбектерді құруда үлкен әлеуетке ие. Мұндай әлеует 90-жылдары болған жоқ. Енді, міне, қазір бірқатар отандық кәсіпорын әлемдік машина жасаудағы ірі брендтермен бірлесіп жұмыс істейді», – дейді Ә.Адахаев. Былтырғы дерекке сүйенсек, машина жасау саласында 3 007 кәсіпорын тіркелген. Оның 63-і – ірі, 102-сі – орта және 2 842-сі – шағын кәсіпорындар.

Индустрияландыру бағдарламасы шамамен 14,2 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Ең ірі кәсіпорындар қатарында «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «Степногорск ЕПК» АҚ, «Қайнар-АКБ» ЖШС, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Агромашхолдинг KZ» АҚ, «Атыраумұнаймаш» АҚ, «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ және «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бар.

Индустрияландыру бағдарламасы қабылданғанға дейін сала кәсіпорынның саны 1 700-ден аз болды. Іс жүзінде машина жасау өндірістерінің саны 10 жылда 76,8 пайызға өсті. Индустрияландыру жылдарында салаға құйылған инвестициялар ағыны 565,3 млрд теңгеге жетты. Ал былтыр 74,3 млрд теңге тартылған. Қазақстандағы машина жасау өндірісі ішкі нарыққа бағдарланған.

Автоөнеркәсіптің экспорты 2020 жылы 8 122 бірлікті құрады. Экспорттың негізгі бағыты – Өзбекстан мен Ресей. Біздің автоөнеркәсіп әзірше ішкі нарықты қанағаттандыруға ғана бағытталған. Осы күнге дейін 77 400 автомобиль жиналды, соның тек 8 122-сі ғана экспортқа кетті. Биыл автомобиль жасау көлемін 100 мыңға дейін жеткізу жоспары тұр.

Өткен 10 жыл ішінде мемлекеттің басымдықтары машина жасау кәсіпорындарын қолдауға арналды. Индустрияландырудың үшінші кезеңі экспортқа басымдық беретін жобаларды дамытуға бағытталған. Сондықтан таяудағы бес жылда мемлекеттің назары мен қолдау шаралары әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығара алатын нақты кәсіпорындарға қатысты болмақ. Үкімет Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен өнеркәсіп салаларының алдына үшінші бесжылдықта елеулі индикаторларға қол жеткізу міндетін қойып отыр. Атап айтқанда, 2020-2025 жылдары экспорт көлемі екі есе, еңбек өнімділігі 1,6 есе, негізгі капиталға салынған инвестиция 1,6 есе өсуі тиіс.

 

Мәтіндегі ақпарат туралы

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через