Масаң күйде көлік жүргізетін астаналықтардың қатары азаймай отыр

Масаң күйде көлік жүргізетін астаналықтардың қатары азаймай отыр

      Елордада ішімдік ішіп көлік басқаратын жолаушылар мәселесі алаңдатушылық туғызуда. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев мәлім етті.

      «Көлік құралдарын масаң күйде жүргізу фактілері айтарлықтай алаңдатады. Масаң күйде көлік жүргізгені үшін жауаптылықтың күшейтілгеніне қарамастан, осы уақытқа дейін 1 892 мас жүргізуші ұсталды. Бұған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылған 1 382 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасына кінәлі деген 33 жүргізуші қылмыстық жауапқа тартылды», - деді Марат Төлебаев елорда жұртшылығымен кездесу барысында.

      Ақпарат дереккөзі