фото: avto25.ru
Ақтөбеде ішімдік ішіп алып, көлігімен жүйіткіген мәслихат депутаты жауапқа тартылмай жүр.
53 жастағы кәсіпкер Сәния Мұратованы тәртіп сақшылары тоқтатып, барлық сараптамадан өткізген. Ішімдік ішкені дәлелденіпті. Бірақ қалталы кәсіпкер әрі қаланың мәслихат депутаты қатардағы тұрғын емес. Заң бойынша көлікті мас күйде жүргізгені үшін 15 күнге қамауға алынуы тиіс. Іс те әкімшілік сотқа түскенімен, қаралмай атқан көрінеді.
Депутаттың өзі Астанаға кетіп қалыпты. Қазір сонда ауруханада жатыр екен. Қала мәслихатында әлеуметтік-мәдени даму және жастар ісі жөніндегі комиссияға мүше Мұратованы енді әріптестері мандатынан айырмақшы.
Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі: - Жүргізілген сараптама нәтижесінде мас күйде болғаны анықталды. Әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жіберіледі. Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 15 тәулік қамауға алу және көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айрылатынын ескертеміз.
Дереккөз ktk.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через